«З. Серікқалиұлы атындағы мектеп – интернаты»  бойынша

27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында« Мектеп асханасы» республикалық

алдын – алу шарасын ұйымдастыру туралы хабарлама

 

Аудандық білім бөлімінің 2020 жылғы 27 қаңтар күнгі №08 -04 -01/91 санды хатына сәйкес мектеп бойынша  « Мектеп асханасы» республикалық алдын – алу шарасының жұмыс жоспары жасақталып, бекітілді. Мектеп бойынша 179 оқушының барлығы  да  ыссы тамақпен қамтылып отыр. Аудан әкімдігінің әлеуметтік қолдауды  қажет ететін отбасылардың балаларын күндік ішетін тамақтан  2019 жылғы 27 қыркүйек №278 бұйрығына сәйкес 6 тұл жетім, 50  түзеу сыныбының оқушылары, және негізгі сыныптар бойынша 2 мүгедек оқушы  тамақ ақшасынан босатылып отыр. Мектепте   аз қамтылған оқушылармен жартылай жетім оқушылар саны 19  Қалған оқушыларымыз тамаққа төленетін 20 % төлемақыны төлеп отырады. Мектеп асханасы бірінші қабатта орналасқан, типтік 132 орындыққа қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сағқтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген 7 тараудағы тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық эпидемологиялық талаптардың 105 тармағында көрсетілгендей балалар тәулік бойына 3 мезгіл ыстық тамақпен,  , 2мезгіл қосымша тамақпен қамтылып отыр.   Тамақтану кестесіне сай  2 топпен  тамақтанады.     1  топта   бастауыш сынып оқушылары мен түзеу сыныбының оқушылары  2 топта   жоғары сынып оқушылары тамақтанады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп – интернаты ЖК «Наздан»  ПК  « Хабибуллин» ПК « Құрманғазы» мен келісім шарт жасақталды. Әр оқушыға 200 теңгенің тамақ мәзірі дайындалып берілуі қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717  бұйрығын басшылыққа ала отырып, мектеп директорының 31тамыз №721 бұйрығына сәйкес  мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақтандыруды сапасына моноторинг жүргізу жөнінде комиссия құрылды . Құрылған комиссияның мүшелері мектеп асханасына, ем – дәмбике Г.Нсанова, бас аспаз Г. Салханова, қоймашы Қ. Қонысованың қатысуымен  қоймадағы  шикі өнімдердің сапасына, тағамдардың дайындалу технологиясына, дайын тағамдардың сақталу мерзімдерімен, тәуліктік сынамаларды күнделікті алынуын қадағалау бағытында, жалпы мектеп асханасының санитарлық – эпидемологиялық тәртібінің сақталуын, қадағалау бағытында  акт жасалып , таныстырылды. Асхананың жағдайы қанағаттанарлық  Мектеп асханасында газдалған сусындармен фастуд өнімдері анықталған жоқ.  Асханада 1 бас аспаз, 4 аспаз, 2 ыдыс жуушы, 2 тазалықшы, 1 емдәмбике, 1 қоймашы, бәрі де медициналық тексеруден өткен, жеке медициналық кітапшалары бар, гигиенелық оқытудан өткен, жұмысқа рұқсат алған.  Асхана ыдыс – аяқ, құрал- жабдықтармен түгел қамтылған. Ыстық тамаққа оқушылардың түгел, уақытымен келуін мектептің әлеуметтік педагогы қадағалап отырады. Тамақтану кезінде оқушылардың тәртібін , түгел  қамтылуын тексеру үшін,  кезекші мұғалімдердің кестесі құрылды. Ас мәзірі жаз- күз, айларына жасалған талапқа сәйкес жазылып, директордың қолы қойылып, мөрленгеген, асханада  арнайы өзінің көрнекілік форматта жасалған стендіде білім алушылардың тамақтану залында қолжетімді жерде ілінген. Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың құнарлығына мектеп дәмбикесі Г. Нысанова күнделікті бақылау жасап, тіркеу журналын толтырып отырады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы 611 бұйрығының 122  тармағы күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы санитариялық қағидаларға 9 қосымшаның 3 нысанына сәйкес тағамдардың және асапаздық өнімдерінің сапасын органолептикалық бағалау журналына тіркеп отырады, дайын тағамдардың сапасына  органолептикалық бағалау жүргізіліп отыр.Мектеп сайтында « мектептік тамақтану»  беті құрылып, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша ақпаратты орналастыру  қамтамасыз етіледі. Мектеп дәмбикесі Г. Нысановамен және  әлеуметтік педагог Г. Қартжанованың  ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына ас мәзірі  туралы мағлұмат беру тақырыбында  түсіндірме және оқушылармен ата – аналарға сауалнамалар  өткізілді. Жоспар бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

 

 

 

Мектеп директоры:                      К. Бисенгалиев

 Мониторинг жүргізу туралы анықтамалар