1. Тегі, аты, әкесінің аты: Бисенгалиев Кабдрахим Сулименович

Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы  

З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, бірінші санатты, математика пәнінің мұғалімі   

  1. Жынысы: Ер
  2. Туған жылы және туған жері: 01.1963жыл, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
  3. Ұлты:Қазақ
  4. Білімі:Жоғары, Орал педагогикалық институты
  5. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: -
  6. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: -
  7. Мекен-жайы: Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Азғыр селолық округі
  8. Жалпы жұмыс өтілі: 39 жыл
  9. Саладағы жұмыс өтілі: 33 жыл
  10. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 1 жыл
  11. Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі:

Бисенгалиев Кабдрахим Сулименұлы 1963 жылы 20 қаңтарда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Азғыр селолық округінде дүниеге келген.


Бисенгалиев Кабдрахим Сулименұлы 1980 жылы Орал педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетіне түсіп, 1985 жылы аталған жоғарғы оқу орнын математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Маңғыстау облысында математика және физика мұғалімі болып 1985-1992 жылдары жұмысын бастады. 1993-1996 жылдары Сүйіндік орта мектебінде математика және физика мұғалімі болып жұмыс жасады. Ұстаздық еңбек жолында аудандық, облыстық семинарларда әріптестермен тәжірибе бөлісу мақсатында ашық сабақтар өткізіп мұғалімнің іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылды. Осы жылдары аудандық, облыстық педагогикалық оқуларға қатысып, байқаудың жүлдегері атанды. 1997-2004 жылдары аралығында Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры болып жұмыс жасады 2004-2006 жылдары Еңбекші орта мектебінің директоры болып жұмыс жасаған  кезінде, мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ қорытындысы бойынша 4 алтын белгі иегерлері,4 ерекше атестат иегерлері болып, өз білімдерін дәлелдеді. ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп аудандық рейтингтен бірінші орынды иеленді. Шәкірттері И.Балмуханова, Э.Мадирова республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері. Э.Мадирова қазіргі уақытта журналист болып қызмет етуде. Бұл жетістікті мектеп екі жыл қатарынан ұстап келді. 2006-2017 Әбу Сәрсенбаев орта мектебінің директорлық қызметте болған кезінде мектеп оқушылары републикалық ғылыми жобалар байқауында үш оқушы Ж.Қабдрахимова, Т.Сайфекенова, Ж.Утепбергеновалар жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Бүгінде Ж.Утепбергенова Гумелев атындағы Еуразиялық Университетінде еңбек етуде. 2017 жылы тамыз айынан бастап З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының директоры болып қызмет атқарып келеді. Жұмыс жасаған кездерінде өзінің кәсіби шеберлігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен танылып, бүгінгі күнде жоғарыдағы аталған мектептер ауданның алдыңғы қатарындағы мектептер санатында. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында биылғы оқу жылында жаңа үлгідегі химия және информатика пән кабинеттері алынып, оқу үрдісінде қолданыс табуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар:рухани жанғыру» атты мақала-бағдарламасы аясында З.Серікқалұлының 80 жылдық мерей тойына арналған «Сын сөзінің зергері» атты жас ұрпақтың рухани мәдениетінің қалыптасуына, дамуына үлес қосқан аудандық деңгейде үлкен ауқымды салтанатты шара ұйымдастырды. Бұл шараға аудан әкімдігі, білім бөлімі, мектеп ардагерлері мен оқушылары қатысты. З.Серікқалұлы атындағы мектеп-интернатында  рухани жанғыру аясында мектепте алғаш рет мектеп мұражайы ашылды. Бұл мұражайды жасақтауда мектеп директоры К.С.Бисенгалиевтың тікелей атсалысуымен мұғалімдер мен оқушылардан құрылған зерттеу топтары өзіндік үлес қосты. Бүгінде мектеп мұражайы оқушылардың оқу мен тәрбие үрдісі барысында елінің болашақ патриоттарын тәрбиелеудегі басты тәрбие орнына айналып отыр. Ұзтаздар мен оқушылар тарапынан құрылған арнай зерттеу тобы мектеп мұражайының тарихи өлке тану бағытындағы зерттеу жұмыстарын жүргізілуде. Осындай игі бастаманың басында жүрген мектеп директоры Бисенгалиев Кабдрахим Сулименович мектеп ұжымының нағыз көшбасшысы  болып табылады.

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз